25 қарашадан бастап "Деньги говорят" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00020803 (MFDGb4) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режиміне ауыстырылатын болады
/KASE, 24.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 25 қарашасынан бастап "Деньги говорят" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00020803 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFDGb4; 1 000 KZT, 1,0 млрд KZT; 16.11.26 – 16.05.27; тоқсандық купон, жылдық 23,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режиміне ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-11-24]