KASE Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері үшін "Инвестор жолы: қор нарығындағы алғашқы қадамдар" атты білім беру семинарын өткізді
/KASE, 20.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және инвестициялық мәдениетті насихаттауға жәрдемдесе отырып, елдің жетекші білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда.
Осы жұмыс аясында KASE Академиясының директоры Абылай Сыздықов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне "Инвестор жолы: қор нарығындағы алғашқы қадамдар" тақырыбында қонақ семинар өткізді.
Кездесу барысында студенттер қор нарығының жұмыс істеу қағидаттарымен, KASE қызметімен және инвестициялық қызметті бастаудың негізгі кезеңдерімен танысты. Қаржылық сауаттылықтың маңыздылығына және оның жеке қаржыны басқаруға жауапты көзқарасты қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ қатысушыларға биржалық сауда тетіктерімен тәжірибеде танысуға мүмкіндік беретін биржалық тренажер және KASE білім беру LMS- платформасы ұсынылды. Платформада инвестициялар мен қаржы бойынша ақысыз курстар, сондай-ақ жетекші сарапшылардың қатысуымен семинар жазбалары бар.
Осындай білім беру іс-шараларын өткізу қаржы нарығы мен академиялық қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, студенттердің практикалық білімін кеңейтуге және жас ұрпақ арасында тұрақты инвестициялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
KASE Академиясы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, инвестицияларға қызығушылықты дамытуға және қаржы нарығына қатысушылардың жаңа буынын дайындауға бағытталған білім беру бастамаларын іске асыруды жалғастыруда.
KASE Академиясының сайты мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ
[2026-11-20]