Батуми мұнай терминалы жүк ауыстырып тиеу көлемінің өсуіне қарамастан энергия тұтынуды төмендетуде
/KASE, 20.11.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
2026 жылдың 10 айында "ҚазТрансОйл" АҚ-ның Батуми қаласындағы шетелдік активі – "Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ (БМТ) электр энергиясын тұтынуды өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн 979 мың кВт·сағатқа немесе 21,35%-ға қысқартты.
Бұл ретте мұнай өнімдерінің барлық түрін ауыстырып тиеудің бір тоннасына шаққандағы энергияның үлестік шығыны 0,79 кВт·сағат/тоннаға немесе 25,93%-ға төмендеді.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ
[2026-11-20]