KZ
RU
EN
23 қараша 2026, 01:36
KZ
RU
EN
Кіру
20.11.2026 16:11 #Корпоративтік уақиғалар

"Магистральды Су құбыры" ЖШС 2026 жылдың 10 айында энергия тұтынуды 14,75%-ға төмендетіп, 86 млн теңгеден астам қаражат үнемдеді

/KASE, 20.11.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

2026 жылғы қаңтар-қазан айларында "ҚазТрансОйл" АҚ еншілес кәсіпорны – "Магистральды Су құбыры" ЖШС электр энергиясын тұтынуды 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 млн 166 мың кВт·сағатқа немесе 14,75%-ға қысқартты.

Есепті кезеңде суды айдауға жұмсалатын энергияның үлестік шығыны 3,65%-ға төмендеді. Үлестік энергия тұтынуды қысқарту нәтижесінде қол жеткізілген экономикалық тиімділік 86 млн 559 мың теңгені құрады.

"Магистральды Су құбыры" ЖШС энергия тиімділігін арттыру бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда. Энергия ресурстарын ұтымды пайдалану және операциялық тиімділікті арттыру кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ

[2026-11-20]