20 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CKV27 (US211_2706) халықаралық облигацияларымен сауда-саттықты тоқтатыла тұрады
/KASE, 20.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 20 қарашасынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша, есеп айырысу күні 2026 жылдың 14 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CKV27 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US211_2706) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда- саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттық 2026 жылдың 17 желтоқсанынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE- де көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-11-20]