"МұнайТас" СБҚК" ЖШС қатысушыларға 2025 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық 5,7 млрд KZT дивидендтер жібереді
/KASE, 17.11.26/ – "МұнайТас" СБҚК" ЖШС (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
2026 жылғы 13 қарашада "ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтіп, онда "МұнайТас" СБҚК" ЖШС 2025 жылғы таза пайдасының бір бөлігін қатысушыларының пайдасына 5,7 млрд теңге мөлшерінде бөлу туралы шешім қабылданды. Аталған сома серіктестік 2001 жылы құрылғаннан бері төленетін дивидендтердің рекордтық көрсеткіші болып отыр.
Дивидендтердің рекордтық көлемі "МұнайТас" СБҚК" ЖШС 2025 жылдың қорытындысы бойынша жоғары таза пайдаға қол жеткізуімен байланысты. Бұған мұнай құбыры іске қосылған кезден бастап алғаш рет оның өткізу қабілетінің жобалық қуатынан асатын деңгейде жүктелуі де ықпал етті..
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-11-17]