АНОНС: 24 ҚАРАШАДА KASE "ҚАЗТРАНСОЙЛ" АҚ АРНАЛҒАН "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ
/KASE, 17.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 24 қарашасында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, талдаушылар және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін "ҚазТрансОйл" АҚ топ-менеджментімен онлайн-кездесу өтетінін хабарлайды.
Кездесу шеңберінде ағымдағы жылдың үш тоқсанындағы жұмыстың қорытындылары, негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштер ұсынылатын болады.
Іс-шараның басталуы – Алматы қаласының уақытымен сағат 11:00.
Іс-шара спикерлері:
- Әміржан Оспанов, Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары,"ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі;
- Алмас Оңғарсынов, корпоративтік басқару жөніндегі Басқарушы директор,"ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі.
Іс-шара туралы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2026-11-17]