KZ
RU
EN
17 қараша 2026, 02:42
KZ
RU
EN
Кіру
16.11.2026 16:56 #Нормативтік база

KASE Басқармасы Маркет-мейкерлер қызметінің ережелерін жаңа редакцияда бекітті

/KASE, 16.11.26/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2026 жылдың 10 қарашасындағы шешімімен "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжаты жаңа редакцияда бекітілді. Ережені жаңа редакцияда қолданысқа енгізу күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Ережелердің жаңа редакциясы қолданыстағы аттас ішкі құжат негізінде оны өзектендіру, құрылымын оңтайландыру, сондай-ақ маркет-мейкер мәртебесін беру/айыру процестері мақсатында әзірленді.

Бұдан басқа, Ережелердің жаңа редакциясы, оның ішінде мыналарды көздейді:

  • KZT акциялары бойынша 1 схема бойынша максималды спрэд 3,0 %- дан 2 %-ға дейін төмендетілді;
  • ETF және пайлар бойынша баға белгілеудің үш схемасы қарастырылған;
  • KASE Global секторында баға белгілеу көлемі күніне міндетті баға белгілеудің минималды көлемін екі есеге ұлғайта отырып 1 000 АЕК-тен 500 АЕК-ке дейін төмендетілді;
  • фьючерстер бойынша спрэдтер мен баға белгілеудің митнималды көлемі қайта қаралды;
  • еуро бойынша міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 250 000 EUR, максималды спрэд – 0,6 KZT мөлшерінде анықталды;
  • БАӘ дирхамдары бойынша максималды спрэд – 0,07 KZT мөлшерінде белгіленді.

Жаңа редакциядағы Ережелер қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданыстағы редакцияда Ережелердің күші жойылды деп танылатын болады.

Жаңа редакциядағы Ережелер мына сілтеме бойынша KASE интернет- ресурсында жарияланады толығырақ ("Сауда- саттықтар" – "Маркет-мейкерлер" бетбелгісі).

[2026-11-16]