KZ
RU
EN
15 қараша 2026, 08:48
KZ
RU
EN
Кіру
13.11.2026 17:38 #Қаржы құралдары

13 қарашадан бастап "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00020923 (IDFRb16) және KZ2C00020915 (IDFRb17) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 13.11.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 11 қарашасында "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Астана) келесі облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2C00020923 (IDFRb16; 1 000 KZT, 50,0 млрд KZT; 5 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталады; 30/360);

2) KZ2C00020915 (IDFRb17; 1 000 KZT, 50,0 млрд KZT; 5 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталады; 30/360).

Листингтік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 13 қарашасынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары 2026 жылдың 23 қыркүйегінде 200,0 млрд KZT сомасына тіркелген "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде алтыншы және жетінші болып табылады.

"Halyk Finance" АҚ "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі және андеррайтері болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-11-13]