13 қарашадан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Транстелеком" АҚ KZ2C00006344 (TCOMb1) облигациялары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері туралы ақпарат өзгертіліп, олармен сауда-саттық қайта басталады
/KASE, 13.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 13 қарашасынан бастап KASE сауда-сттық жүйесі мен деректер базасында "Транстелеком" АҚ KZ2C00006344 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TCOMb1; 1 000 KZT, 22,0 млрд KZT; 10.01.20 – 10.01.32; жартыжылдық купон, жылдық 11,50 %; 30/360) облигациялары бойынша мынадай ақпарат өзгертілетіні туралы хабарлайды:
- 2026 жылдың 16 қарашасынан бастап купондық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,60 %-ға өзгерді (2026 жылдың 15 қарашасына дейін мөлшерлеме жылдық 11,50 % құрайды).
2026 жылдың 13 қарашасынан бастап KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттық қайта басталды, олар 2026 жылдың 02 қарашасынан бастап тоқтатылған.
Аталған облигациялар шығарылымының аңдатпасы өзгертулермен мына сілтеме бойынша жарияланды – толығырақ
Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2026 жылдың 13 қарашасындағы жаңалығы жарияланған болатын ""Транстелеком" АҚ KZ2C00006344 (TCOMb1) облигацияларын орналастыру мен айналымының қайта басталғаны туралы хабарлады"– толығырақ
[2026-11-13]