KZ
RU
EN
16 қараша 2026, 06:06
KZ
RU
EN
Кіру
13.11.2026 16:16 #Корпоративтік уақиғалар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі KASE-ге цифрлық қаржы активтері платформалары операторларының тізілімінде және цифрлық активтер сауда-саттық платформалары операторларының тізілімінде жаңа тіркеу кодтарын берді

/KASE, 13.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен мынадай ақпараттың алынғаны туралы хабарлайды:

дәйексөздің басы

Цифрлық қаржы активтері платформаларының операторларына және цифрлық активтердің сауда-саттық платформаларының операторларына берілетін тіркеу нөмірлерін қалыптастырудың жаңа әдіснамасын енгізуге байланысты бұрын KASE-ге берілген есептік тіркеу нөмірі өзгертілді.

Өзектендірілген тізілімдерде Биржаға келесі жаңа тіркеу кодтары бекітілген:

  • "0226001Т" – цифрлық қаржы активтері платформалары операторларының тізілімінде;
  • "0226001Б" – цифрлық активтердің сауда-саттық платформалары операторларының тізілімінде.

дәйексөздің соңы

[2026-11-13]