KZ
RU
EN
13 қараша 2026, 15:55
KZ
RU
EN
Кіру
13.11.2026 11:40 #Бағалы қағаздар

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Қазақстанның Даму Банкі"АҚ KZ2C00011575 (BRKZb39) облигацияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулерді тіркеді

/KASE, 13.11.26/ – "Қазақстанның Даму Банкі"АҚ (KASE тикері – BRKZ) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026 жылдың 09 қарашасында тіркеген, , KZ2C00011575 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb39; 1 000 KZT, 50,0 млрд KZT; 9 жыл 3 ай; бірінші купон – айналым басталған күннен бастап 1 жылдан кейін, бұдан әрі – жартыжылдық купон, жылдық 12,00 %; 30/360) облигацияларының өзгерістерімен тіркелген шығарылым аңдатпасын және бұрын берілгеннің орнына берілген облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ұсынды.

Аталған құжаттарға сәйкес:

- куәлік облигациялардың айналым мерзімінің, купондық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінің өзгеруіне, облигациялар бойынша сыйақыны өтеу және төлеу шарттары мен тәртібінің нақтылануына, сондай-ақ облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты ауыстырылды;

- айналым мерзімі 9 жыл 3 айдан 7 жылға өзгертілді;

- купон мөлшерлемесі айналымның бүкіл мерзіміне белгіленген жылдық 12,00 % көлемінде тиянақталған мөлшерлемесінен облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болып өзгертілді.

Аталған облигациялар шығарылымының аңдатпасы өзгертулермен жарияланды – толығырақ

[2026-11-13]