13 қарашадан бастап KASE айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС-ның KZ2P00011968 (MFMCb2) облигацияларын KASE_BM* сериялы индикаторлардың өкілдік тізімінен алып тастады
/KASE, 13.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 13 қарашадан бастап айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты (13 қараша – өтеу кезіндегі тіркеу күні) "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС-ның KZ2P00011968 (MFMCb2) облигацияларын негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеуге арналған өкілдік тізімнен алып тастады.
2026 жылғы 13 қарашадан бастап KASE_BM* сериялы индикаторлардың өкілдік тізімі 91 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар ("таза" бағалар) бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі.
Аталған индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижеcі бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2026-11-13]