KZ
RU
EN
10 қараша 2026, 15:13
KZ
RU
EN
Кіру
10.11.2026 14:25 #Корпоративтік уақиғалар

Батуми теңіз порты 2026 жылдың 10 айында жүк тасымалдау көлемін 13 %-ға арттырды

/KASE, 10.11.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

2026 жылғы қаңтар-қазан айлары аралығында "ҚазТрансОйл" АҚ шетелдік активі – "Батуми теңіз порты" ЖШҚ (БТП) 6 млн 900 мың тонна жүкті тиеу арқылы 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13%-ға жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Оң динамикаға құрғақ, контейнерлік және паромдық жүктерді ауыстырып тиеу көлемінің артуы ықпал етті.

Атап айтқанда, есепті 10 айда БТП арқылы 1 млн 596 мың тонна құрғақ жүк ауыстырып тиелді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 10%- ға жоғары.

Контейнерлік жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 3 млн 264 мың тоннаны құрап, өткен жылдың көрсеткішінен 15%-ға артты.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-11-10]