10 қарашадан бастап KASE-де екі атаудағы ETF-пен сауда-саттық уақытша тоқтатылады
/KASE, 09.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 10 қарашадан бастап KASE-де келесі ETF-пен сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлайды:
1) US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF;
2) US74347G1849 ("KASE Global" секторы, BITI_KZ) ProShares Short Bitcoin ETF.
Аталған бағалы қағаздармен KASE-дегі сауда-саттық 2026 жылғы 23 қарашадан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE-де 2026 жылғы 19 қарашада 1:2 коэффициентімен "Шоғырландыру" корпоративтік әрекетінің жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты KASE-нің "Сауда-саттық жүргізу ережелері" атты ішкі құжатының 13-тарауының 77-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тоқтатыла тұрады.
[2026-11-09]