KZ
RU
EN
10 қараша 2026, 15:17
KZ
RU
EN
Кіру
09.11.2026 15:49 #Қаржы құралдары

10 қарашадан бастап KASE-де ConocoPhillips компаниясының US20825C1045 (COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылады

/KASE, 09.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 10 қарашадан бастап KASE-де есеп айырысу күні 2026 жылғы 16 қарашаға және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық контрагенттің қатысуымен өткізілетін сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша ConocoPhillips компаниясының US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.

Аталған акциялармен KASE-дегі сауда-саттық 2026 жылғы 18 қарашадан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-де аталған бағалы қағаздар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты KASE-нің "Сауда-саттық жүргізу ережелері" атты ішкі құжатының 13-тарауының 77- тармағының 12) тармақшасына сәйкес уақытша тоқтатылады.

[2026-11-09]