"ҚазТрансОйл" АҚ "Мартыши – Атырау" мұнай құбырының жаңа учаскесін қосты
/KASE, 06.11.26/ – "ҚазТрансОйл "АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"ҚазТрансОйл" АҚ "Мартыши – Атырау" магистральдық мұнай құбырының 11,2-11,4 және 20,5-20,7 шақырымдарында қайта салынған учаскелерін республикалық маңызы бар А-27 "Ақтөбе -Атырау -РФ шекарасы (Астрахань)" автомобиль жолының қайта жаңғыртылып жатқан бөлігімен қиылысу аумағында қосу жұмыстарын аяқтады.
Қайта жаңғыртылып жатқан автомобиль жолы – Қазақстан Республикасының стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларының бірі. Жоба Қазақстан өңірлерін Ресей Федерациясымен байланыстыратын стратегиялық көлік дәлізін қалыптастыруға бағытталған. Автомобиль жолының Аққыстау ауылын айналып өтетін жаңа бағыты қолданыстағы мұнай құбырын кесіп өтетіндіктен, құбырдың тиісті учаскелерін техникалық тұрғыдан қайта салу қажеттілігі туындады. Бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау және мұнай құбырының алдағы уақытта сенімді әрі қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету басты назарға алынды.
Диаметрі 530 мм, ұзындығы тиісінше 238,86 метр және 287,2 метр жаңа құбыр учаскелері Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес салынды. Мұнай құбыры учаскесінің беріктігі мен ұзақ мерзімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында сыртқы коррозияға қарсы күшейтілген қорғаныш жабыны бар құбырлар қолданылды. Ал, автомобиль жолымен қиылысатын тұста құбыр сыртқы әсерлерден қосымша қорғауды қамтамасыз ететін болат қорғаныш қаптамасының (футлярдың) ішіне орналастырылды.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-11-06]