06 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында Apple Inc. Us0378331005 (AAPL_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады.
/KASE, 05.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 06 қарашасынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша, есеп айырысу күні 2026 жылдың 12 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін, Apple Inc. US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ) жай акцияларымен KASE- де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 16 қарашасынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE- де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-11-05]