KZ
RU
EN
6 қараша 2026, 05:36
KZ
RU
EN
Кіру
05.11.2026 15:15 #Корпоративтік уақиғалар

"KEGOC" АҚ "Энергоинформ" АҚ-мен сату бойынша мәміле жасады

/KASE, 05.11.26/ – "KEGOC" АҚ (KASE тикері – KEGC) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"KEGOC" АҚ мен "Samruk-Kazyna Ondeu" ЖШС "Энергоинформ" АҚ акцияларының 100%-ын сатып алу-сату шартын жасады. Мәміле "СамұрықҚазына" АҚ компаниялар тобының ішінде жүзеге асырылуда.

Бұл ретте Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) жабдықтарына пайдалану қызметін көрсету жөніндегі барлық функциялар KEGOC құрылымында сақталып қалады. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл міндеттерді тиісті функцияларды "Энергоинформ" АҚ-дан беру шеңберінде құрылған Компанияның "Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелері" мамандандырылған филиалы атқарып келеді.

Осылайша, "Энергоинформ" АҚ-ның меншік иесінің ауысуы Ұлттық электр торабы жұмысының сенімділігі мен қауіпсіздігіне әсер етпейді. Барлық қажетті технологиялық процестерді жүргізу, оларға қызмет көрсету және оларды бақылау KEGOC құзыретінде қалады.

дәйексөздің соңы

Қазақ және орыс тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ

[2026-11-05]