KZ
RU
EN
6 қараша 2026, 05:34
KZ
RU
EN
Кіру
05.11.2026 14:00 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін 14:00-ден 14:15-ке дейін Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00018687 (BTRKb35) облигацияларын қосымшща орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 05.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: бүгін KASE сауда-саттық жүйесінде "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00018687 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb35) облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ уақыты) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.

------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                купондық облигациялар
ISIN:                                   KZ2C00018687
KASE сауда-саттық коды:                 BTRKb35
Номиналды құны, теңге:                  1 000
Шығару көлемі, теңге:
– тіркелген:                            50 000 000 000
– орналастырылған:                      –
Айналымның басталу күні:                05.11.26
Айналымның соңғы күні:                  04.11.31
Өтеудің басталу күні:                   05.11.31
Өтінім беру мерзімі:                    5 жыл (1 800 күн)
Купондарды төлеу мерзімділігі:          жылына 2 рет
Купондарды төлеудің басталу күндері:    жыл сайын 05 мамырда және
                                        05 қарашада ақпанда
Уақыттық база:                          30 / 360
--------------------------------------- --------------------------
Сауда-саттық күні:                      14.03.25
Хабарланған қосымша орналастыру көлемі, 16 950 000 000
KZT:
Өтінімдерді қабылдау уақыты:            14:00–14:15
Өтінімдерді растау уақыты:              14:00–14:15
Кесімдеу уақыты:                        14:30 (Т+0)
Төлем күні мен уақыты:                  05.11.26, 14:30
Сауда-саттықты өткізудің бастамашылары: "Alatau City Invest" АҚ
------------------------------------------------------------------

Облигациялардың андеррайтерлері "Alatau City Invest" АҚ және "Halyk Finance" АҚ болып табылады.

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.

Бағалы қағаздарға жазылу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-11-05]