05 қарашадан бастап "QAZAQ BITUM Processing" ЖШС KZ2P00020753 (QBTMb1) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 05.11.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 05 қарашасында "QAZAQ BITUM Processing" ЖШС (Түркістан обл.) KZ2P00020753 (QBTMb1; 1 000 KZT, 5,0 млрд KZT; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларын негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 05 қарашасынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы 2026 жылдың 12 қазанында тіркелген 50,0 млрд KZT сомасына "QAZAQ BITUM Processing" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші болып табылады.
"QAZAQ BITUM Processing" ЖШС қаржылық кеңесшісі Teniz Capital (AIFC) LTD ЖК болып табылады.
"QAZAQ BITUM Processing" ЖШС қызметінің негізгі түрі – мұнай өңдеу өнімдерін өндіру.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-11-05]