05 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 04.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 05 қарашадан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша мынадай бағалы қағаздармен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 30 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, The Global X Uranium ETF US37954Y8710 ("KASE Global" секторы, URA_KZ) ETF, сауда-саттық 2027 жылдың 05 қаңтарынан бастап қайта басталады;
2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 04 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, California Resources Corporation US13057Q3056 ("KASE Global" секторы, CRC_KZ) жайакциялары, сауда-саттық 2027 жылдың 07 қаңтарынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE- де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-11-04]