2027 жылың 01 қаңтарынан бастап "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінің белсенділік көрсеткіштерін есептеу әдістемесіне түзетулер қолданысқа енгізіледі
/KASE, 04.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2026 жылдың 27 қазанындағы шешімімен, 2027 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін, ""Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінің белсенділік көрсеткіштерін есептеу әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына № 2 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.
Түзетулерде мыналар көзделген:
- Әдістеменің жекелеген ережелері нақтыланды: сауда-саттық шоттарын қосалқы шоттар және KASE мүшелерінің клиенттерінің омнибус- шоттарының бірегей кодтары ретінде анықтау, KASE мүшелерін оның мәнінің кему тәртібімен белсенділік көрсеткіші (Ka) бойынша саралау тәртібін белгілеу, белсенділік көрсеткіштері есебінен реттеу және өзін- өзі реттеу мәмілелерін алып тастау;
- мемлекеттік және корпоративтік облигацияларды сатып алу-сату секторларында KASE мүшелерінің белсенділігі көрсеткішін есептеу тәртібі өзгертілді: мемлекеттік бағалы қағаздар секторында есептеу формуласына 1 салмақтық коэффициенті бар белсенді сауда шоттары санының көрсеткіші енгізілді, корпоративтік облигациялар секторында белсенді сауда шоттары саны көрсеткішінің салмақтық коэффициенті 0,8-ден 1-ге дейін ұлғайтылды;
- "KASE Global" секторының бағалы қағаздарды сатып алу-сату секторындағы KASE мүшелерінің белсенділігі көрсеткішінің есебі жеке есептеу формуласын белгілей отырып, акциялар нарығы бойынша жалпы есептен бөлінді;
- белсенділік көрсеткіштері есебінен ірі мәмілелерді анықтау және алып тастау тәртібі белгіленді.
2027 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданылатын Әдістеме мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ
2027 жылдың 01 қаңтарына дейін қолданылатын Әдістеме мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ
[2026-11-04]