05 қарашадан бастап "Teniz Capital Investment Banking" АҚ US78392B2060 (SKHYd) американдық депозитарлық қолхаттары бойынша KASE-де маркет-мейкер мәртебесі берілді
/KASE, 04.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2026 жылдың 05 қарашасынан бастап "Teniz Capital Investment Banking" АҚ оның өтініші негізінде базалық активі SK Hynix Inc жай акциялары болып табылатын US78392B2060 ("KASE Global" секторы, SKHYd) американдық депозитарлық қолхаттар бойынша KASE-де маркет- мейкер мәртебесі берілді.
[2026-11-04]