KZ
RU
EN
6 қараша 2026, 05:33
KZ
RU
EN
Кіру
04.11.2026 10:58 #Қаржы құралдары

04 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында үш атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 04.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 04 қарашасынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша келесі қарапайым акциялармен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 07 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, ALPHABET INC.US02079K1079 ("KASE Global" секторы, GOOG_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 09 желтоқсанынан бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 16 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін, ExxonMobil Holdings Corporation US30233Q1085 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 18 қарашасынан бастап қайта басталады;

3) есеп айырысу күні 2026 жылдың 18 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін, Chevron Corporation US1667641005 ("KASE Global" секторы, CVX_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 20 қарашасынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-11-04]