KASE және KIMEP University ынтымақтастық туралы меморандум жасасты
/KASE, 04.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) және KIMEP University Қаржы нарығы мен академиялық қоғамдастық арасындағы өзара іс- қимылды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Келісім серіктестік байланыстарды нығайтуды, сараптамалық білім мен тәжірибе алмасуды, сондай-ақ студенттердің білім беру және кәсіби дамуы үшін қосымша мүмкіндіктер жасауды көздейді.
Ынтымақтастық шеңберінде тараптар қаржылық сауаттылықты арттыруға, инвестициялық мәдениетті танымал етуге және қаржы нарығының жұмыс істеу қағидаттарын практикалық түсінуді кеңейтуге жәрдемдесуге ниетті. Студенттерді білім беру бастамаларына тартуға, биржалық инфрақұрылымның қызметімен және қаржы секторының өзекті үрдістерімен танысуға ерекше назар аударылатын болады.
Меморандумға қол қою қаржы нарығына қатысушылардың академиялық білімі мен практикалық тәжірибесін біріктіретін KASE және KIMEP University ұзақ мерзімді әріптестігін дамытудағы маңызды қадам болады.
KASE мамандардың жаңа буынын даярлауға және тұрақты инвестициялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдай отырып, елдің жетекші білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда.
KASE академиясының сайты мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ
[2026-11-04]