03 қарашадан бастап Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00004505 (AIK046_450) облигациялары KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді
/KASE, 03.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2026 жылдың 03 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00004505 (AIK046_450; 1 000 KZT, 3 400 000 000 KZT; 46 айлық; жарты жылдық купон, жылдық 16,40%; 30/360) облигациялары енгізілді.
Аталған облигациялар ағынды суларды тазарту құрылыстарының кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салу мен жаңғыртуды (реконструкциялау, күрделі жөндеу) қаржыландыру мақсатында шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-11-03]