KZ
RU
EN
6 қараша 2026, 05:35
KZ
RU
EN
Кіру
03.11.2026 15:13 #Сауда-саттық ақпараты

03 қараша күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 қарашада болатын МЕТИСКАМ KZKF00000038 (MTC084_0001) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 03.11.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 05 қарашасында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің TONIA Compounded Index (TONIA TCI) индексіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МЕТИСКАМ) KZKF00000038 (MTC084_0001) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 71 000 000 000 KZT өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 103,0867 % (кірістілік – жылдық 17,46 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 103,1170 % құрады (кірістілік – жылдық 17,45 %)

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 қарашада болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 6,5 жыл МЕТИСКАМ KZKF00000038 (MTC084_0001) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-11-03]