KZ
RU
EN
6 қараша 2026, 05:33
KZ
RU
EN
Кіру
03.11.2026 10:49 #Қаржы құралдары

03 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында "KEGOC" АҚ KZ2C00006658 (KEGCb3) және KZ2C00007797 (KEGCb4) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 03.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 03 желтоқсанынан бастап KASE-де "KEGOC" АҚ келесі облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) KZ2C00006658 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, KEGCb3);

2) KZ2C00007797 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, KEGCb4).

Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 6) тармақшасына сәйкес 2026 жылдың 03 желтоқсанында көрсетілген облигациялар шығарылымының аңдатпасына өзгертулер енгізу туралы мәселе қаралатын аталған облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналыстарын өткізуге байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-11-03]