KZ
RU
EN
6 қараша 2026, 05:33
KZ
RU
EN
Кіру
02.11.2026 17:31 #Клирингілік орталықтың жаңалықтары

04 қарашадан бастап "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00020782 (HCBNb36) облигациялары Т+ Тізіміне енгізілетін болады

/KACC, 02.11.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 04 қарашасынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жол берілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00020782 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, HCBNb36) облигациялары енгізілетінін хабарлайды.

Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған толығырақ

[2026-11-02]