KZ
RU
EN
6 қараша 2026, 05:33
KZ
RU
EN
Кіру
02.11.2026 15:14 #Клирингілік орталықтың жаңалықтары

02 қарашадан бастап Қор нарығында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелер бойынша ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру ережелеріне түзетулер қолданысқа енгізіледі

/KACC, 02.11.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 30 қазанындағы шешімімен 2026 жылдың 02 қарашасынан бастап қолданысқа енгізілетін "Қор нарығында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелер бойынша ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру ережелері" (Ережелер) атты KACC ішкі құжатына № 4 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.

Түзетулерде KASE-дегі көміртегінің бастапқы және қайталама нарығында көміртегі бірліктерімен және (немесе) базалық активі көміртегі бірліктері болып табылатын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру ерекшеліктерін анықтайтын редакцияларды нақтылайтын ережелердің атауына, тұжырымдамалық аппараттың мазмұнына өзгертулер, сондай-ақ толықтырулар қарастырылған.

Ережелердің жаңартылған мәтіні KACC интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ ("Есеп айырысулар" бетбелгісі).

[2026-11-02]