BI Development Ltd. Жеке компаниясы Облигациялары KZ2D00012457 (BIGDb1) айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алып тасталды
/KASE, 02.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 02 қараша бастап BI Development Ltd. Жеке компаниясы облигациялары KZ2D00012457 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BIGDb1; 1 000 KZT, 15,0 млрд KZT; 31.10.24 – 31.10.26; жарты жылдық купон, жылдық 17,25 %; 30/360) айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алып тасталғанын хабарлайды. Көрсетілген облигациялар 2024 жылғы 30 қазан бастап KASE ресми тізіміне негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізілген. Олар бойынша сауда-саттық 2024 жылғы 06 қараша бастап ашылған болатын. [2026-11-02]