KZ
RU
EN
31 қазан 2026, 03:31
KZ
RU
EN
Кіру
30.10.2026 17:31 #Қаржы құралдары

02 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында Ford Motor Company US3453708600 (F_KZ) жай акцияларының сауда-саттығы тоқтатыла тұрады

/KASE, 30.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 02 қарашасынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 10 қарашаға және одан кейінгі күндерге келетін Ford Motor Company US3453708600 ("KASE Global" секторы, F_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 12 қарашасынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-10-30]