30 қарашада "Нұрбанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
/KASE, 30.10.26/ – "Нұрбанк" АҚ (KASE тикері – NRBN) 2026 жылдың 30 қарашасында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
2) Директорлар кеңесінің құрамынан қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор Л.И. Татьянинаны алып тастау туралы;
3) қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесіне өз міндеттерін орындағаны үшін біржолғы сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау туралы;
4) қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директордың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы – алдағы уақытта аталған мәртебеде үздіксіз тоғыз жыл толуына байланысты;
5) қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамын өзгерту туралы.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ
[2026-10-30]