30 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 29.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 қазанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен KASE- де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін, American Electric Power Company, Inc.US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 12 қарашасынан бастап қайта басталады;
2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 04 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, PayPal Holdings Inc.US70450Y1038 ("KASE Global" секторы, PYPL_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 07 желтоқсанынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE- де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-10-29]