KZ
RU
EN
6 қараша 2026, 05:32
KZ
RU
EN
Кіру
29.10.2026 12:33 #Индекстер мен индикаторлар

01 ҚАРАШАДАН БАСТАП CPm1m ЖӘНЕ KZGB_DPm1m ИНДЕКСТЕРІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМ 55 АТАУДАН ТҰРАТЫН БОЛАДЫ

/KASE, 29.10.26/ – 2026 жылдың 01 қарашасынан бастап KZGB_CPm1m және KZGB_DPm1m индекстерін есептеу үшін өкілдік тізім Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарынан (МБҚ) 55 атаудан тұратын болады (тізімнен MUM180_0005, KZKD00000493 шығарылды)

Қазақстан қор биржасы (KASE) Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне сәйкес мынадай индекстерді есептейді және жариялайды:

1) KZGB_CPm1m (more than one month) – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша есептелетін өтеу мерзімі 31 күннен және одан жоғары МБҚ-ның "таза" бағаларының баға индексі;

2) KZGB_DPm1m – өтеу мерзімі 31 күннен асатын МБҚ жиынтық табысының баға индексі (есептелген, төленген купондық төлемді ескере отырып);

3) KZGB_Ym1m – кірістілік көрсеткіші, жылдық пайызбен;

4) индекстің дюрациясы, жылдармен;

5) индекстің түрлендірілген дюрациясы.

2026 жылдың қараша айына көрсетілген индекстерді есептеу үшін өкілдік тізім 2026 жылдың 28 қазанындағы кешке (осы тізім күшіне енген күнге дейін үш жұмыс күні бұрын) қалыптасқан МБҚ параметрлерін ескере отырып қалыптастырылды.

Өкілдік тізім 2026 жылдың 02 қарашасында мына бетте жарияланады толығырақ (KZGB_CPm1m немесе KZGB_DPm1m бөлімі).

[2026-10-29]