KASE 2026 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ
/KASE, 29.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-ге айналысқа жіберілгендер қатарынан 2026 жылдың қараша айына инвестициялық қорлардың акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздардың бірінші, екінші және үшінші өтімділік кластарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2026 жылдың 23 қазанындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды.
2026 жылдың 01-30 қарашасы аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздар тізіміне 95 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2026 жылдың қазан айына құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді:
1) Nebius Group N.V. NL0009805522 ("KASE Global" секторы, NBIS_KZ) жай акциялары;
2) Broadcom Inc. US11135F1012 ("KASE Global" секторы, AVGO_KZ) жай акциялары;
3) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "еурооблигациялар қоры" ИИИПҚ KZPF00000025 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe) пайлары;
4) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Қазынашылық" ЖИПҚ KZPF00000280 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECtf);
5) ConocoPhillips US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акциялары.
2026 жылдың қазан айына құрылған өтімділіктің бірінші класс тізімінен:
1) ExxonMobil Holdings Corporation US30233Q1085 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай акциялары;
2) Newmont Corp. US6516391066 ("KASE Global" секторы, NEM_KZ) жай акциялары;
3) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "doSTAR" ИИПҚ KZPF00000173 (сектор "ценные бумаги инвестиционных фондов", FHJIds) пайлары.
2026 жылдың қараша айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
2026 жылдың қазан айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-10-29]