29 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында US6745991058 (OXY_KZ) Occidental Petroleum Corp. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 29.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 29 қазанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін Occidental Petroleum Corp. US6745991058 ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылв ұратынын хабарлайды, сауда-саттық 2026 жылдың 14 желтоқсанынан бастап қайта басталады.
Бұдан басқа, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша келесі ETF-тердің сауда- саттықтың тоқтата тұруы ұзартылды:
1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 23 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін ProShares Short Bitcoin ETF US74347G1849 ("KASE Global" секторы, BITI_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 25 желтоқсанынан бастап қайта басталады;
2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 23 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, ProShares Ultra Ether ETF US74349Y5713 ("KASE Global" секторы, ETHT_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 25 желтоқсанынан бастап қайта басталады;
3) есеп айырысу күні 2026 жылдың 23 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, ProShares Bitcoin Strategy ETF US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 25 желтоқсанынан бастап қайта басталады;
4) есеп айырысу күні 2026 жылдың 22 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, STATE STREET SPDR BLOOMBERG 1-3 MON US78468R6633 ("KASE Global" секторы, BIL_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 24 желтоқсанынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE- де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-10-29]