KZ
RU
EN
6 қараша 2026, 05:34
KZ
RU
EN
Кіру
28.10.2026 10:26 #Қаржы құралдары

28 қазаннан бастап "Шинхан Финанс "микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00020902 (MFSHb2) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 28.10.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 27 қазанында "Шинхан Финанс" микроқаржы ұйымы " ЖШС (Алматы) KZ2P00020902 (MFSHb2; 1 000 KZT, 10,0 млрд KZT; 3 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360) облигацияларын негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 28 қазанынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2026 жылдың 17 шілдесінде 50,0 млрд KZT сомасына тіркелген "Шинхан Финанс" микроқаржы ұйымы" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде екінші болып табылады.

"Шинхан Финанс" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі "Halyk Finance" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-10-28]