28 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Деньги говорят" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00020803 (MFDGb4) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 27.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 28 қазанынан бастап "Деньги говорят" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00020803 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFDGb4; 1 000 KZT, 1,0 млрд KZT; 180 күн; тоқсандық купон, жылдық 23,00 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-10-27]