KZ
RU
EN
6 қараша 2026, 05:34
KZ
RU
EN
Кіру
27.10.2026 15:11 #Индекстер мен индикаторлар

27 қазаннан бастап KASE "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры"" корпорациясы" АҚ XS2399149694 (SKKZe1) облигацияларын айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE_US3BUP* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен алып тастады

/KASE, 27.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 27 қазанынан бастап халықаралық рейтингтік шкала бойынша АҚШ долларында номинацияланған және BBB- дейінен төмен емес кредиттік рейтингі бар корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен "Самұрық - Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ XS2399149694 (SKKZe1) облигацияларын айналым мерзімінің аяқталуына байланысты (27 қазан – өтеу кезінде тіркелген күні) алынып тасталғанын хабарлайды.

2026 жылдың 27 қазанынан бастап KASE_US3BUP* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 12 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_KZ3BUP* индикаторлар сериясына мыналар кіреді:

KASE_US3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша есептелетін облигациялардың "таза" бағаларының индексі;

KASE_US3_TR – есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар бойынша есептелетін облигациялардың жиынтық табысының индексі;

KASE_US3_Y – кірістілік индикаторы, жылдық пайызбен;

KASE_US3_DUR – индекстің дюрациясы, жылдармен;

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-10-27]