KZ
RU
EN
6 қараша 2026, 05:34
KZ
RU
EN
Кіру
27.10.2026 12:27 #Корпоративтік уақиғалар

"Магистральдық су құбыры" ЖШС 2026 жылы электр энергиясын тұтынуды 2025 жылға қарағанда 15 %-ға қысқартты

/KASE, 27.10.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазТрансОйл" АҚ еншілес ұйымы – "Магистральды Су құбыры" ЖШС 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша "Астрахань – Маңғышлақ" магистральдық су құбыры арқылы су жеткізуге жұмсалатын электр энергиясының тұтынуын 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 млн 783 мың кВт·сағ-қа азайтты.

Есепті кезеңде суды айдауға жұмсалған электр энергиясының көлемі 48 млн 773 мың кВт·сағ болды. Ал 2025 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 57 млн 556 мың кВт·сағ-ты құраған. Осылайша, электр энергиясын тұтыну 15,3%-ға төмендеді.

Сонымен қатар суды айдауға жұмсалатын электр энергиясының үлестік шығыны 0,1 кВт·сағ/м³-ке немесе 3,8%-ға азайды.

Энергия үнемдеу нәтижесінде қол жеткізілген экономикалық тиімділік 213 млн 429 мың теңгеден асты.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-10-27]