Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610 (EBRDe20) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды
/KASE, 27.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 27 қазанынан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкі XS2708176610 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe20; 14,1 млрд KZT; 26.10.23 – 24.10.26; жартыжылдық купон, жылдық 14,00%; actual/360) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінен айналыс мерзімінің өтуіне байланысты алынып тасталды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2023 жылдың 26 қазанынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 01 қарашасынан бастап ашылды. [2026-10-27]