27 қазаннан бастап "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00020845 (MFAFb19) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 27.10.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2026 жылдың 22 қазанында "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00020845 (MFAFb19; 1 000 KZT, 1,0 млрд KZT; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 23,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 27 қазанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-10-27]