KZ
RU
EN
26 қазан 2026, 15:59
KZ
RU
EN
Кіру
23.10.2026 17:03 #Корпоративтік уақиғалар

25 қарашада "Банк ЦентрКредит" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

/KASE, 23.10.26/ – "Банк ЦентрКредит" АҚ (KASE тикері – CCBN) 2026 жылдың 25 қарашасында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1) қоғамның исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия алу ниеті туралы;

2) қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

3) қоғамды исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша кеңес мүшелерінің кандидатураларын тағайындау туралы.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ

[2026-10-23]