27 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында IBM corp. US4592001014 (IBM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 23.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 27 қазанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесіндегі репо операциялары бойынша, есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 қарашасына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, IBM corp. US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Аталған акциялармен kase сауда-саттығы 2026 жылдың 12 қарашасынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес, KASE- де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді бекіту туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-10-23]