23 қазаннан бастап "Giga stroi" ЖШС KZ2P00020431 (GIGApp1) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 23.10.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 21 қазанында "Giga stroi" ЖШС (Астана) KZ2P00020431 (GIGApp1; 1 000 KZT, 2,6 млрд KZT; 3 жыл; жылдық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылғы 23 қазаннан бастап күшіне енеді.
Аталған облигациялардың шығарылымы "KASE SME Qadam Bonds" бағдарламасы бойынша енгізілген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-10-23]