23 қазаннан бастап "Twin Oaks Hotel" ЖШС KZ2P00020233 (OAKSb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 23.10.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 21 қазанында "Twin OAKS Hotel" ЖШС (Алматы) KZ2P00020233 (OAKSb1; 1 000 KZT, 400,0 млн KZT; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 23 қазанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2026 жылдың 21 қыркүйегінде 2,0 млрд KZT сомасына тіркелген "Twin OAKS Hotel" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші болып табылады.
"Twin Oaks Hotel" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ болып табылады.
"Twin Oaks Hotel" ЖШС қызметінің негізгі түрі – жалға алу (қосалқы жалдау) және меншікті немесе жалға алынған тұрғын үйді басқару.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-10-23]