23 қазаннан бастап "Арлан Лизинг" ЖШС KZ2P00020241 (ARLZb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 23.10.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 21 қазанында "Арлан Лизинг" ЖШС (Алматы) KZ2P00020241 (ARLZb1; 1 000 KZT, 500,0 млн KZT; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 21,00%; 30/360) "Арлан Лизинг" ЖШС облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 23 қазанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2026 жылдың 22 қыркүйегінде 3,0 млрд KZT сомасына тіркелген "Арлан Лизинг" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші болып табылады.
"Арлан Лизинг" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі "WindoW Capital" АҚ болып табылады.
"Арлан Лизинг" ЖШС қызметінің негізгі түрі – медициналық жабдықтар мен техника лизингінен басқа қаржылық лизинг.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-10-23]