KZ
RU
EN
26 қазан 2026, 15:59
KZ
RU
EN
Кіру
23.10.2026 10:23 #Қаржы құралдары

23 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында үш атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 23.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 қазанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 02 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін, Citigroup Inc. US1729674242 ("KASE Global" секторы, C_KZ) жай акциялары, сауда саттық 2026 жылдың 04 қарашасынан бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 18 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, State Street SPDR S&P 500 ETF US78462F1030 ("KASE Global" секторы, SPY_KZ) ETF Trust, сауда саттық 2026 жылдың 21 желтоқсанынан бастап қайта басталады;

3) есеп айырысу күні 2026 жылдың 18 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, Franklin FTSE United Kingdom ETF US35473P6786 ("KASE Global" секторы, FLGB_KZ) ETF сауда саттық 2026 жылдың 21 желтоқсанынан бастап қайта басталады.

Бұдан басқа, есеп айырысу күні 2026 жылдың 18 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі ETF-тердің сауда- саттықты тоқтата тұруы ұзартылды, сауда-саттық 2026 жылдың 21 желтоқсанынан бастап қайта басталады:

1) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ);

2) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ);

3) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ).

Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE- де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-10-23]